Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Марат Тлеуқабылұлы Алиханов

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аға әділет кеңесшісі Марат Тлеуқабылұлы Алиханов 1965 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1989 жылы Қарағанды қаласында Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
 
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1989 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы прокуратурасының стажер-тергеушісі лауазымынан бастады.
 
1990 жылдың шілдесінен бастап Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы прокуратурасының тергеушісі лауазымына тағайындалды, Ақтөбе қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, Павлодар облысы Ақсу ауданы сотының судьясы болып жұмыс істеді.
 
1996 жылғы наурызда Павлодар облысы Екібастұз ауданының прокуроры болып тағайындалды.
 
1997 жылғы шілдеден бастап Павлодар облысы Екібастұз қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Ақсу қаласының прокуроры, Павлодар ауданының прокуроры, Павлодар облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы, Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда қылмыстық істерді қараудың заңдылығын қадағалау департаментінің Заңды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығы басқармасының бастығы, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету департаменті басқармасының орынбасары, Қазақстан Республикасы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агентігінің Тергеу департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2012 жылдың қазан айында Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агентігі департаментінің бастығы болып тағайындалды.
 
2014 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары болып тағайындалды.
 
2016 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры болып тағайындалды.
 
2019 жылдың мамырынан бастап Павлодар облысы прокурорының орынбасары.