Прокуратура араласқаннан кейін Павлодар ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді

09 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар ауданының прокуратурасы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы талдаудың қорытындылары, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету жүйесінің зертханалық зерттеулері бойынша ауыз су құрамының санитарлық нормаларға сай келмейтінін анықтады.

Прокуратураның талабы бойынша жүргізілген зертханалық зерттеулер екі ауылдық округтегі ауыз суы органолептикалық (иісі және дәмі) және санитарлық-химиялық (түсі, ылайлығына, құрғақ қалдығы, хлоридтердің және темірдің құрамына қарай) көрсеткіштері  бойынша санитарлық нормаларға сәйкес келмейтінін көрсетті.  

         Сонымен қатар аймақтағы жеті су құбырының біреуі бос тұр, екіншісі жөндеуде болғандықтан, екі жыл бойы  іс жүзінде жұмыс істемейді. 

Аудандық мәслихат отырысында талқыланған талдау қорытындылары бойынша уәкілетті орган Қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі басқармамен келісе отырып, бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын жасады.

         Жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылға бюджеттен қосымша  2,6 млн. теңге бөлінді, кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Павлодар облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу