Баянауыл ауданының прокуратурасы 1 мыңнан астам қызметкерлердің құқықтарын қорғады.

03 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Баянауыл ауданының прокуратурасы 1 мыңнан астам қызметкерлердің құқықтарын қорғады. - 649302506

Баянауыл ауданының прокуратурасы Павлодар облысының еңбек басқармасымен бірлесіп, «Майкубен-Вест» ЖШС разрезінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды, кездесу барысында кәсіпорынның 4 айдан астам уақыт бойы зейнетақы аударымдарын жүргізбегендігі анықталды.

Қызметкерлер аталған жағдай олардың банктерден қарыз алу және тұтынушылық несиелерді рәсімдеу құқығын шектейтіндігін атап өтті.

Мемлекеттік кірістер басқармасымен салыстырулар жүргізу барысында кәсіпорынның 1​ мыңнан астам қызметкеріне міндетті зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік міндеттемелер бойынша берешектерінің бар екендігі расталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы Баянауыл ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысына ұсыну енгізді.

Оның қаралу нәтижелері бойынша 114,5 млн. теңге мөлшеріндегі берешек толық көлемде өтелді, ал кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК-нің 91-бабының 6-бөлігінің​ 5-тармағы, 92-бабының. 2-бөлігінің​ 2-тармағы, және 292-бабының​ 2-бөлігі бойынша).

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу