Алимент төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік

17 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алимент төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік - 1041629608

Ақтоғай ауданында 100-ден аса бала әкелерінің көмегіне мұқтаж, олар балаларына сот шешімімен шамамен 12 млн. теңге алимент төлеуге тиіс.

Статистика көрсеткіштері қапаландырады, өйткені алимент бойынша борышкерлер саны жылдан-жылға өсіп келеді.

Некені бұзу динамикасының өсуіне байланысты жағдай қиындай түсуде. Жастар материалды жағынан және моральді түрде дайын болмай, отбасын құрады. Бұл жерде ата-аналарының рөлі ерекше маңызды.

Отбасын сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан өз кезегінде барлық қолайлы жағдайлар жасалуда.

Қазіргі уақытта аудан прокуратурасы жеке сот орындаушыларының мәжбүрлі түрде алимент өндіру жұмыстарын жандандыруда. Аталған жұмысқа әкімдік, жергілікті полиция қызметі, мемлекеттік кірістер басқармасы, жұмыспен қамту орталығы және т.б. органдар жұмылдырылған.

Аудан прокурорының төрағалық етуімен аталған мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңесте проблемалық және өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні прокурорлық қадағалау актісі бойынша бейресми жұмысқа орналасу арқылы табысын жасырып жүрген​ борышкерлер анықталды.

Бір жағдайда борышкер балаларының анасының меншігіне автокөлік тапсырды.

Кейбір борышкерлерге шығуға тыйым салу шектеулері қойылған. Мүліктерінің тізімі құрылған.

Үш борышкер әкімшілік қамауға алынып, Павлодар арнайы қабылдағышта жазаларын өтеуде.

Ең қасақана алимент төлемеушіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі қаралуда. Мұндай фактілер бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Осылайша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының кешені арқасында баласын жалғыз тәрбиелеп және асырап отырған аналарға көмек көрсетілуде.

Бірақ осындай шаралармен немқұрайлы қарайтын әкелердің сана-сезімін ояту қиын. Бұл іс-шараға барлық бей-жай қарамайтындар қатысу қажет.

Сонымен қатар борышкерлерге соттың алимент өндіру туралы шешімі материалдық жағдайы мен орналасқан жеріне қарамастан, барлық борышкерлерге міндетті. Оны орындамау үшін заңмен көзделген жауапкершілік қолданылады.

Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша Павлодар облысы ЖСО өңірлік палатасына 8(7182) 32-81-67, 8(7182) 32-67-04; Cаll-centre 8(7172) 20-84-64, 8(7172) 20-84-53 нөмірлері бойынша немесе әділет органдарының тәулік бойы кеңес беретін 119 нөміріне хабарласуға болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу