«NEXT буыны» жобасын Екібастұз прокуратурасы іске асырды

09 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«NEXT буыны» жобасын Екібастұз прокуратурасы іске асырды     - 1760010107

Жасөспірімдердің қылмыстарының проблемалары уәкілетті органдардың аталмыш сұрақты шешуге бірікпеген іс-әрекеттері және олармен қабылданатын шараларының тиімсізігі Екібастұз қ. прокуратурасының талдауымен белгілі болды.

Осыған байланысты, әлеуметтік қауіпті және тұрмыстың қиын жағдайына түскен балалар мен жасөспірімдерді қалпына келтіруге бағытталған «NEXT буыны» жобасы прокуратураның қамқорлығымен 2017 жылы бастау алды.  

Жобаның басында мектепте және ІІБ профилактикалық тізімінде тұрған 12 ден 17 жасқа дейінгі 36 жасөспірім қатысты.

Жобаның әр қатысушына тәрбие жөніндегі мектеп директорының орынбасары тәлімгер болып бекітілген.

Әдіскерлер мен психологтар жобаның қатысушыларына оқу жылы мен жазғы кезеңге іс-шаралармен уақытты өткізудің жеке картасы жасалды. 

Осы күндері 14 жасөспірім әр түрлі үйірмелермен айналысуда, жобаның 16 қатысушысы спорт секцияларына қатысуда.  

Жазғы демалыс уақыттарында балалар әр түрлі жобаларға тартылады, қасиетті жерлерге экскурсиямен барады, шығармашылық сайыстарға қатысады.

Мысалы, «Маска» театр студиясының тәрбиеленушілері театр ұжымының облыстық сайысында жеңіске жетті.

Жобаны іске асырудың нәтижелілігі бағалау парақтары арқылы анықталады. Жобаның қатысушылары оң мінездерін көрсетуде, атап айтқанда сабаққа қатысулары жақсарды, бейімдері мен құндылықтары өзгерді.

Жоба басталғаннан бастап, яғни 2017 жылғы мамырдан а.ж. қыркүйек аралығында тәртіптері жақсарған 26 жасөспірім тізімнен босады, оның ішінде 12 жасөспірім кәсіптік колледждерде сабақтарын жалғастырды.

Прокуратураның осы бастамасы кәмелетке толмағандармен істер және олардың құқықтары бойынша облыстық комиссияда оң баға тапты, аталмыш жұмыстар облыстың басқа аймақтарына таратылды.

 

 

Павлодар облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу