Азаматтардың ұлттық парктегі су объектілерінің жағалауларына еркін кіру құқықығы қалпына келтірді

01 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Азаматтардың ұлттық парктегі су объектілерінің жағалауларына еркін кіру құқықығы қалпына келтірді - 1271121149

Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметін тексеру шеңберінде жер және су заңдарының бұзылуын анықтады.

Бірқатар жер пайданушылар берліген жер учаскілерінің шекарасынан шығып, Жасыбай және Сабындыкөл көлдерінің жағалауларына дейін бөгеттер орнатып, азаматтардың су объектілеріне еркін кіруін шектеген.    

Өз кезегінде аталған іс-қимылдар Су кодексінің 65-бабының нормаларын бұзу болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Қадағалау актісі бойынша 5 демалыс үй иесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар көл  жағалауларына дейін орнатқан бөгеттерді алып тастады.    

Ұлттық парктің 9 қызметкері тиісті бақылау жасамағандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай прокурорлық ден қою шаралары бойынша алдағы туристік маусымда келушілер үшін парктегі объектілерге еркін кіру мүмкіндігі пайда болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу