Павлодар облысы прокуратурасында дөңгелек үстел төңірегінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде жұмыс талқыланды

05 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысы прокуратурасында дөңгелек үстел төңірегінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде жұмыс талқыланды - 133023464

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі өзінің жолдауында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейту және капиталды шығарумен күресті қатайту қажеттігін нұсқады.

Аталған мәселе әрқашанда өзекті, өйткені көлеңкелі құқық бұзушылар мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.

Осыған байланысты Павлодар облысының прокуратурасы өткізген дөңгелек үстелде уәкілетті органдар мен екінші деңгейлі банктердің қатысуымен қылмыстық жолмен тапқан табыстарды заңдастыруға қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесі талқыланды.

Прокуратура отырыста аталған құқық бұзушылықтарға негізгі бөгет болатын функцияны қаржы мониторингінің субъектісі екінші деңгейлі банктерге жүктелгеніне назар аударды.

Кейбір банктердің өз міндеттерін сапалы орындамауы салдарынан 2015-2019 жылдар аралығында бір ғана қылмыстық топқа 3 млрд. теңгені қолма-қол ақшаға заңсыз аударуға мүмкіндік туындаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша облыстың Экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.    

Кездесудің нәтижесінде облыс прокуратурасы жұмыс кездесуінің қатысушыларына көлеңкелі айналымға ақшаларды шығаруға жол бермеу үшін заңмен көрсетілген барлық шараларды қабылдау керектігін көрсетті.

Осы мақсатпен облыс прокуратурасы банктік саладағы мемлекеттік реттеуші ретінде Ұлттық банктің Павлодардағы филиалына екінші деңгейлі банктерге бақылауды күшейті туралы ұсыну енгізді.  

 

Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі