Павлодар облысы прокуратурасында Үйлестіру кеңесінде маскүнемдікке қарсы шаралар талқыланды

01 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысы прокуратурасында Үйлестіру кеңесінде маскүнемдікке қарсы шаралар талқыланды - 2025092443

 Павлодар облысы прокуратурасында заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп және қылмысқа қарсы күрес бойынша Үйлестіру кеңесі өткізілді, онда маскүнемдікпен күрес және осы негізде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Бұл жұмысқа құқық қорғау, арнайы және уәкілетті органдардың бірінші бастықтары, сонымен қатар облыс әкімнің орынбасары қатысты.

Облыс бойынша мас күйде жасалатын қылмыстардың 17%-ға жалпы төмендеуіне қарамастан (1068 бастап 923 дейін), кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсуде– Аққулы ауданында 67%-ға (6 бастап 10 дейін), Ақтоғай ауданында 31% (16 бастап 21 дейін), Баянауыл ауданында 7% (30 бастап 32 дейін).

Алкогольдік ішімдікті ішкен үшін және қоғамдық жерлерде мас күйінде болған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар саны жоғары (2018ж. - 7298 тұлға; 2017ж. – 7278 тұлға).

Бұған себеп алкогольдік ішімдіктердің қолжетімділігі, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің заңнамада бекітілген тыйым салуларды айналып өтіп, осы өніммен сауда жасау амалдары болып табылады.

Сөйтіп, бірқатар дүкен иелері формальды түрде өздерінің мекемелерін кафе және барларға қайта жабдықтап, көтерме сауда жасау арқылы түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктерді сатқан. 

Өткен жылы Павлодарда осындай бір объекті бойынша ІІД-і ЖБО-ның оператор пультіне түнгі уақытта қоғамдық тәртіп бұзушылық факілері туралы 222 шақыру келді. Сонымен қатар сауда нүктесіне іргелес аумақта 14 қылмыстық құқық бұзушылық жасалды.

Жалпы өткен жылы облыстың полиция органдары алкогольдік өнімді сату және сақтау талаптарын бұзған үшін (ҚР ӘҚК 200-бабы) 353 бизнес субъктісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың ішінен 332-нің лицензиясы тоқтатылды, 21-нің лицензиясы алынды.

Туындап отырған жағдайды талқылап және оны кешенді шаралар қабылдауды талап етеді деп танып, соның ішінде заңнамалық деңгейде Үйлестіру кеңесінің мүшелері бірқатар ұсыныстар әзірледі.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу