Павлодар облысының прокуратурасы қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі бұзушылықтарды анықтады

26 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысының прокуратурасы қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі бұзушылықтарды анықтады  - 665929051

Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы талдау барысында өнеркәсіп қалдықтарын белгіленбеген жерлерге көму, сонымен қатар  оларды қалдықтармен жұмыс істеу саласына қатысы жоқ ұйымдарға беру жағдайлары анықталды.

Мысалы, екі қала түзетін кәсіпорынның 34 мың тоннадан астам қауіпті қалдықтары Павлодар және Екібастұз қалаларының аумағында орналасқан, бұл бақылайтын органдардың назарынан тыс қалған.

Аймақтағы экологиялық жағдайды түбегейлі жақсарту, өндірістің өнеркәсіп қалдықтарымен жұмыс істеуді және қоршаған орта үшін эмиссия төлеуді бақылау мақсатында облыс прокуратурасының бастамасы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.

Оның жұмыс істеу шеңберінде табиғат қорғау прокуратурасының талаптары бойынша облыстың Экология департаменті «Керемет Азия» ЖШС, «100 машин» ЖШС және «SW-Group LTD» ЖШС қызметінде 11,5 мың тонна көлемінде өнеркәсіп қалдықтарын заңсыз тапсыру және орналастыру фактілерін анықтаған.

Нәтижесінде 15 млн. теңге сомасына қоршаған ортаға келтірген шығынды өндіру туралы талап арыздар қанағатандырылды.

Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актісі бойынша қауіпті қалдықтарды түгендеу бойынша есепті тапсырмағаны үшін 42 кәсіпорын Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің        351-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда Экология департаменті 59 мың тоннадан астам өнеркәсіп қалдықтарын орналастыру заңдылығына тексерістер жүргізуде. 

Облыстың мемлекеттік кіріс органдары қоршаған ортаға эмиссия төлемін оларды шығарған кәсіпорындардан өндіріп алу туралы мәселені шешуде.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу