Павлодар облысының прокуратурасында «Абай оқулары» байқауы өтті

25 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар облысының прокуратурасында «Абай оқулары» байқауы өтті - 457505187

Павлодар облысының прокуратурасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай оқулары» байқауы өтті.

Аталған іс-шараға 16 қызметкерден құралған 8 команда қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – прокуратура органдарында қазақ тілінің қолданысын кеңейту, ұлы ақынның шығармаларын насихаттау арқылы жас қызметкерлердің қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген құштарлығын арттыру.

Байқау шартына сәйкес қызметкерлер Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп жатқа айту, «Абай жолынан» үзінді оқу, Абайдың және халық әндерін орындау арқылы тартысқа түсті.

Қазылар алқасы қатысушылардың көркем шығарманы таңдау және сауатты оқуына, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, сахнаға сай киінуі және сахналық образына баса назар аударды.

Нәтижесінде Ақсу қаласы прокуратурасының қызметкерлері (Измуратова Құралай Рахметоллақызы, Нығмет Дастан Қуатбекұлы) байқау жеңімпазы атанып, екінші және үшінші жүлдені Павлодар қаласының прокуратурасы (Жұмаш Еламан Ғалымұлы, Шүкенов Әлімжан Хабидоллаұлы) мен Аққулы (Тамаев Ерқанат Ермаханұлы), Баянауыл (Тәжібай Абылайхан Мұхтарұлы) аудандары прокуратураларының қызметкерлері бөлісті.

Сонымен қатар ерекше көзге түскен қызметкерлер «Көркем сөз шебері», «Шебер күйші», «Мәнерлеп оқу шебері», «Әртістік шеберлігі үшін», «Үздік әнші» номинацияларымен марапатталды және алғыс хаттар, ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ұлы тұлғалардың әдеби мұрасын дәріптейтін осындай іс-шаралар тіліміздің мәртебесін арттыра отырып, жастардың рухани танымдарын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу