Павлодарда стерляд балығын заңсыз алағаны үшін ресейлік қамалды.

27 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодарда стерляд балығын заңсыз алағаны үшін ресейлік қамалды. - 707444407

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар браконьерлік фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асыруда.

         Аталған іс-шаралардың барысында өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын және балық аулауға арналған торды қолдана отырып, 48 кг (190 бас) сүйрік балығын заңсыз аулаған Рессей азаматы ұсталды. Барлық аулаған балықты ол құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезеңде қонақ ретінде тоқтаған туыстарының үйінде сақтаған.

         Атап айтқанда, аталған бекіре тұқымдас балығын жылдың кез-келген уақытында аулауға тыйым салынған.

         Аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекеттерінен қоршаған ортаға 11,5 млн.теңге ірі залал келтірілді.

         А.ж. 12 наурыздағы апеляцияллық сатының қаулысымен күшінде қалдырылған сот үкімімен браконьер ҚР ҚК 335-бабы 4-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айырылды (бекіре тұқымдас балық түрлеріне қатысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық ахуал аумақтарында балық ресурстарын жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерiн қолдана отырып, өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралын пайдаланып жасалған уылдырық шашатын жерлерде немесе ол жерлерге өріс аудару жолдарында балық ресурстарын заңсыз аулау).

         Өткен жылы облысымыз бойынша өткен жылы заңсыз балық аулау фактілері бойынша 12 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгенін атап өткен жөн, оның ішінде 5-уі бойынша айыптау үкімі шығарылған.

         Ағымдағы жылы бұндай фактілер орын алған жоқ.

         Осы санаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура органдары заңсыз балық аулауға тыйым салатын нормалар туралы тұрғындарға мәлімдеп отырады.

 

Павлодар облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу